Біздің миссия: Тұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсетуТұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсету.

Чтобы записаться на прием к врачу в поликлинике, вы можите не теряя времени воспользоваться мобильным приложением «K-Vrachu», сидя на работе или дома. Для этого необходимо скачать приложение в «PlayMarket»

«Қазақстан Республикасында  қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің28.03.2019 жылғы № 1  Қаулысына сәйкес және қызылшамен сырқаттанудың өршуін оқшаулау мақсатында келесі халық топтарына қосымша иммунизациялау жүргізілетін болады:

 

1) кейіннен 12-15 айлығында жоспарлы вакцинациялауды қамтамасыз ете отырып, 9 айлықтан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға;

 

2) ағымдағы эпидмаусымда - 2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін эпидкөрсетілімдер бойынша қызылшаға қарсы егілгендерді қоспағанда, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне;

 

3) егу мәртебесі белгісіз, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан көп жыл бұрын қызылшаға қарсы бір екпемен егілген 30 жасқа дейінгі қарым-қатынаста болған адамдарға;

 

Соған байланысты 9 айлықтан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалардың ата-аналарына тұрғылықты мекен-жайлары бойынша участкелік дәрігерлеріне жолығулары сұралады.