Біздің миссия: Тұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсетуТұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсету.

Чтобы записаться на прием к врачу в поликлинике, вы можите не теряя времени воспользоваться мобильным приложением «K-Vrachu», сидя на работе или дома. Для этого необходимо скачать приложение в «PlayMarket»

Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанудың өршуін оқшаулау мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 13-тармағы 4) тармақшасының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Облыстардың, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармаларының, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (келісім бойынша) басшылары 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрама вакцинаны пайдалана отырып, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы:

1) кейіннен 12-15 айлығында жоспарлы вакцинациялауды қамтамасыз ете отырып, 9 айлықтан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға;

2) ағымдағы эпидмаусымда - 2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін эпидкөрсетілімдер бойынша қызылшаға қарсы егілгендерді қоспағанда, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне;

3) егу мәртебесі белгісіз, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан көп жыл бұрын қызылшаға қарсы бір екпемен егілген 30 жасқа дейінгі қарым-қатынаста болған адамдарға вакцинация жүргізуді ұйымдастырсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің (бұдан әрі – ҚДСД) басшылары облыстардың, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармаларының, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (келісім бойынша) басшыларымен бірлесіп:
    • медицина қызметкерлері үшін қызылшаның алдын алу бойынша халықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларын арттыру жөнінде семинарлар өткізсін;
    • медицина қызметкерлерімен кейіннен өмірінің 12-15 айлығында жоспарлы вакцинациялай отырып, 9 айлықтан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды вакцинациялаудың маңыздылығы мен қауіпсіздігі туралы ата-аналарға түсіндіру қажеттілігі мәселесін пысықтасын;
    • вакцинацияны егілетін адамдардың, ата-аналарының (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандардың және іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдерінің) келісімімен жүргізуді қамтамасыз етсін;
    • егілетін адамдарды, олардың ата-аналарын (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандардың және іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдерін) сұрау арқылы алдын ала мұқият тексеріп-қарауды қамтамасыз етсін;
    • егуден кейінгі кезеңде барлық егілгендерді белсенді медициналық бақылауды қамтамасыз етсін;
    • негізсіз медициналық қарсылықтарға жол бермеу бойынша уақтылы шаралар қабылдасын;
    • вакциналарды тасымалдау және сақтау кезінде «салқындату тізбегін» сақтауды қамтамасыз етсін;
    • иммундаудан кейінгі кез келген қолайсыз көріністер тіркелген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалына (бұдан әрі - СЭСжМҒПО) жағдай тіркелген сәттен бастап 24 сағат ішінде жазбаша ақпарат бере отырып, 3 сағат ішінде телефон арқылы хабарласын;
    • халық арасында қызылшаға қарсы вакцинацияның артықшылықтары туралы, қызылшаның асқынуы және вакцинациядан бас тарту кезіндегі қауіп-қатер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін.
  1. ҚДСД басшылары вакцинация жүргізу туралы мәліметтерді СЭСжМҒПО-ға апта сайын жұма күні сағат 14-00-ге дейін, СЭСжМҒПО апта сайын дүйсенбі күні сағат 14-00-ге дейін Комитетке ұсынуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                       Ж. Бекшин