Біздің миссия: Тұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсетуТұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсету.

Чтобы записаться на прием к врачу в поликлинике, вы можите не теряя времени воспользоваться мобильным приложением «K-Vrachu», сидя на работе или дома. Для этого необходимо скачать приложение в «PlayMarket»

 Қызметкерлердің жалпы ережелері

 

МҰ қызметкерлері міндетті:

 

1. Конституцияның талаптарын, Ұйымның ішкі құжаттары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілер, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алып жұмыстану.

 

2. Ұйымға сеніп тапсырылған мүлікті қамқорлыққа алып және тиімді пайдалну

 

3. Пациенттердің құқықтарын құрметтеу және қорғауды қамтамасыз ету. Диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес емдеу уақыт шкаласын орындау

 

 

4. Өз қызметін жақсарту үшін кемшіліктерді түзетіп, қоғамда сынға себеп туғызбауға тиіс.

 

5. Қазақстан Республикасының рәміздер мен мемлекеттік тілін және басқа халықтардың тілін, рәміздерін құрметтеп, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сай, адал, әділ, қарапайым да сыпайы болу.

 

6. Әріптестермен және науқастардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, ұлтына, тіліне, дініне қарамастан, наным-сенім ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу.

 

7. Берілген өкілеттіктерді орындап, еңбек тәртібін сақтау.

 

8. Өз міндеттерін сапалы орындау үшін жұмыс уақытын ұтымды пайдалану.

 

9. Алға қойған мақсаттарға жету үшін ең үздік және үнемді тәсілі пайдаланып, жоғары деңгейде кәсіби жұмысқа қажетті күш-жігерін салу қажет.

 

10. Қызметкерлердің қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеу.

 

 

11. Қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік фактілеріне, адамдық қадiр-қасиетiн қорлауға, жөнсіздікке жол бермеу.

 

12. Бағынышты қызметкерлердің функционалдық міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша кәсіптік деңгейі жоғары болу қажет.

 

13. Қызметкерлер іскерлік этикасы бұзылуының алдын алу және болдырмау.

 

14. Қызметкерлерді әріптестері мен науқастардың қарсы әрекеттері немесе сөздерді қорлайтын(кез келген басқа да жолмен пайдалану) қауіпі мазаламау қажет.

 

15. Жұмыс орнында және Ұйымның аумағында алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерін қолдануға жол жол бермеу.

 

16. Қызметкерлер, iскерлiк этикеттi сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.

 

17. Науқастың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), әріптестерді және лауазымды түлғаларды талқылаудан аулақ болу.

 

18. Дәрігердің емдеуін (науқаспен) сынамау.

 

19. Жұмыс барысында әріптестерге, науқастарға және олардың туыстарына мейірімді болып, психологиялық жағдайларына сабырлылық таныту.

 

20. Денсаулық сақтау саласына қатысты және медициналық көмек сұраған азаматтарды сыпайы қабылдап, барлығына бір деңгейде қызмет көрсету.