Біздің миссия: Тұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсетуТұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсету.

Чтобы записаться на прием к врачу в поликлинике, вы можите не теряя времени воспользоваться мобильным приложением «K-Vrachu», сидя на работе или дома. Для этого необходимо скачать приложение в «PlayMarket»

Кардиостандарт

 

I санатты дәрігер И.М.Голенко, жұмыс өтілі 22 жыл, мамандығы бойынша 16 жыл.

 

Жоғары санатты медбике Б.У.Шадманова, жұмыс өтілі 26 жыл, мамандығы бойынша 13 жыл.

 

 

Тредмил-тест

 

Тредмил-тест тиімділігі ИБС диагнозы болжанған немесе қойылған науқастардың дене жүктемелеріне деген жеке тұлғалық төзімділіктерін анықтаудан, ИБС ауыратын науқастармен жүргізілетін емдік және оңалту шараларының нәтижелілігін бағалаудан тұрады. Коронарографияға жолдау барысында тұлғалардың жүктемеге деген гипертензивтік әсерін анықтауға, жүрек ырғағының бұзылуын анықтауға және диагноз қоюға көмектеседі. Зерттеулер «CardioSoft V 6.71» тредмилл-жүйесінде жүргізіледі.

 

2013 жылы жүргізілген зерттеулер саны-137. Оның ішінде алынған теріс сынама саны-4, анықталған ырғақ бұзылуы саны-17, ФК 1-2-69 адам, ФК 3-4-47 адам. 2014 жылдың 9 ай мерзімі ішінде 57 зерттеулер жүргізілді, 7-теріс, 12 адамда-ырғақ бұзылуы, ФК 1-2-18 адам, ФК 3-4-20 адам анықталды.

 

 

 

СМАД жүйесі

 

 

СМАД жүйесі науқастарда нақты өмір (амбулаторлық, жұмыс немесе демалыс уақытындағы, дене және эмоционалды жүктеме кезіндегі, күндізгі және түнгі уақыттағы, дәрілік терапия қолдану немесе қолданбау) талаптарында артериялық қан қысымының деңгейін анағұрлым нақты, дәл анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесі бойынша дәрігер емдеуге түзетулер енгізеді. СМАД «Валента» аппаратында жүргізіледі.

 

2013 жылы 149 зерттеулер жүргізілді, АГ жоғары ықтималдығы 82 адамда, жасырын АГ-17 адамда, түнгі АГ-42 адамда, гипотензия-8 адамда анықталды. 2014 жылы 9 ай ішінде 84 зерттеулер жүргізілді, АГ жоғары ықтималдығы-39 адамда, түнгі гипертензия-28 адамда, жасырын АГ-10 адамда, гипотензия-7 адамда анықталды.

 

Холтер бойынша ЭКГ

 

Холтер бойынша ЭКГ тәуліктік мониторлаудың тиімділігі ырғақсыз жағдайды диагностикалау, әлсіздік белгілерін және синустік түйін әрекетсіздігін, пароксизмальді қарыншалық және қарынша үсті тахикардияны, жүрек дірілі мен соғуының төмендеуінің қысқа пароксизмдерін анықтаудан, жүрек ырғағын реттейтін жасанды түтікше қондыру туралы мәселелерді шешуден, ырғақсыздыққа қарсы терапияның, ЭКС жұмысының тиімділігін анықтаудан тұрады.

 

Зерттеулер «Валента» аппаратында жүргізіледі. 2013 жылы 164 зерттеулер жүргізілді, 2014 жылы 9 ай мерзімі ішінде: 102 науқаста-қарыншалық және қарынша үсті экстрасистолия түріндегі ырғақтың бұзылуы анықталды, 4 науқаста-WPW белгісі, 3 науқаста СССУ, 52-ишемиялық жағдай анықталды. Барлық анықталған науқастар кардиологқа кеңес алуға жіберілді.

 

 

 

Видеокольпоскоп

 

 

Кольпоскопия – әйелдер қынабын, жатыр мойынын және астыңғы цервикальды каналын тексеруге арналған. Емханада кольпоскопия кабинеті жұмыс жасайды, бекітілген кесте бойынша жоғары санатты дәрігер К.Т.Нурушева қызмет көрсетеді, жұмыс өтілі 23 жыл.

 

Сыртқы жыныс органдарының және қынап, жатыр мойны қатерлі ісігі ауруларының алдын алу бойынша емдік шаралары жүргізіледі. Аппарат 2014 жылдын тамыз айында алынған. Осы уақытқа дейін тексеруден өткендер саны – 48 әйел, эрозия анықталғандар саны – 17, полип белгілері анықталғандар саны – 7, лейкоплакия – 4, эндоцервецит -13, ovoli – 7.

 

Пункциондық биопсия

 

Бұл әдісті дәрігер-онколог К.М.Артыков меңгерген, еңбек өтілі 24 жыл, дәрігер онколог ретінде-1 жыл.

Терінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін жүргізіледі. Науқастың зақымданған тері аумағынан жуан иненің көмегімен анализ алынады. Ары қарайғы микроскопиялық зерттеулер үшін, алынған жағынды (мазок) онкологиялық аурудың бар-жоғын анықтау мақсатында ООД жіберіледі.

2014 жылы (10 ай ішінде) жүргізілгенн биопсия-36; анықталған қатерлі ісік-11.

 

 

Отоакустикалық скрининг

 

Отоакустикалық скрининг 0-ден 3-ке дейінгі жас аралығындағы балаларда ерте жастағы есту қабілетінің бұзылуын анықтау, диагностикалау үшін жүргізіледі. Есту скринингі отоакустикалық эмиссия (ОАЭ) аппараты арқылы жүргізіледі.

 

№3 емхананың КЗР кабинетінде ОАЭ аппараты 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап орнатылды. Скринингті КЗР бірінші санатты дәрігері Б.Т.Туякбаева жүргізеді, еңбек өтілі 27 жыл.

 

40 бала тексеруден өтті, оның ішінде бір балада құлақ мүкістігі анықталды, ары қарайғы тексерулерден өту үшін сурдологқа жіберілді.