Біздің миссия: Тұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсетуТұрғындар денсаулығын жақсартуға бағытталған және әлемдік заманауи стандарттарды сақтауға негізделген сапалы әрі қол жетімді медициналық көмек көрсету.

Чтобы записаться на прием к врачу в поликлинике, вы можите не теряя времени воспользоваться мобильным приложением «K-Vrachu», сидя на работе или дома. Для этого необходимо скачать приложение в «PlayMarket»

 

Қазақстанда профилактикалық медициналық тексеріс (скрининг) Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) тізбесіне енгізілген Скрининг Сіз тіркелген медицина мекемесінде жасалады.

 

Скрининг (ағылшын тілінен screening – «сұраптау,іріктеу») – клиникалық симптомсыз тұлғалардың ауруларын анықтауға бағытталған денсаулық сақтау мекемелерінің стартегиясы

 

Скрининг мақсаты – ауруларды ерте сатысында анықтау және асқынушылықтың алдын алу үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу.

 

Скрининг көлеміне мыналар кіреді:

 

  • антропометрикалық (бойы, дене салмағы, бел ауқымы) өлшемдер жасау;
  • артериалдық қысымды өлшеу;
  • 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы адамдардың көз іші қысымын өлшеу;
  • 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаны анықтау;
  • электрокардиография негіздемелер бойынша;
  • кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың тексеруі негіздемелер бойынша;
  • созылмалы В және С гепатиті маркерлері бойынша балалар мен ересектерден қан анализін алу – қауптенетін топтардағы

 

Бұл зерттеулер жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы, гепатиттерді, сонымен қатар инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры, тоқ ішек обыры, сүт безі мен жатыр мойны обыры сияқты ауруларды қатты асқынуына, және де осы аурулардан мезгіліне жетпей өліп кетуге жол бермеуге болатын кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

 

Обырдың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау және ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынандай тексерулерден өту керек:

 

Әйелдер:

 

  • 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің патологиялық өзгерістерін анықтау үшін жатыр мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу;
  • акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия – негіздемелер бойынша;
  • 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдердіі сүт безін рентгенологиялық тексеруден өткізу (маммография);
  • маммологтың, онкологтың тексеруі – негіздемелер бойынша;

 

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер

 

  • жуан және тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қан бойынша нәжісті тексеруден өткізу;
  • хирургтың, проктологтың, гастроэнтерологтың тексеруі, жуан және тік ішектерді эндоскопиялық зерттеу – негіздемелер бойынша.

 

Осы тексерістер бұқаралық өткен елдерде, жатыр мойны обыры, сүт безі және тоқ ішек обырынан өлім-жітім кенет азайды.