ШЖҚ «№3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» МКК МИССИЯСЫ ӘРБІР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ТҰРҒЫНҒА МЕЙІРІМДІЛІК, ДЕНСАУЛЫҚ, ҮМІТ СЫЙЛАУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

14 мамыр күні медицина қызметкерлері кәсіби мереке қарсаңында ақ халаттарын спорттық формаға ауыстырып, «Атоян» стадионында өткен спартакиадаға қатысты. Бұл жарыста қалалық және облыстық емдеу мекемелері бас қосты.Спартакиаданың негізгі міндеті – салауатты өмір салтын насихаттау, медицина қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және сақтау, мекеме ұжымдары арасында достық байланыс орнату және дамыту. Қызметкерлеріміз волейбол, футбол, жүгіру, секіру, т.б спорт түрлерінен сынға түсті.Басқа медициналық мекемелердің қатысушыларына №3 емхана атынан адал күрес пен ауызбіршілік үшін шексіз алғысын білдіреді.Келесі кездесулерімізді асыға күтеміз!