ШЖҚ «№3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» МКК МИССИЯСЫ ӘРБІР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ТҰРҒЫНҒА МЕЙІРІМДІЛІК, ДЕНСАУЛЫҚ, ҮМІТ СЫЙЛАУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Жазғы кездегі тамақтан улану.

     Көктем, жаз айларында тамақтан улану­ жиі тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану - табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру.

Улану деген не?

Жүрек айну, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы – уланудың негізгі белгілері. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнып, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар - стрептококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Адамның жалпы көңіл күйі нашарлайды, артериялық қысым төмендейді, пульс жиілейді, температура көтеріледі, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін.

Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет:

- жеке гигиена ережелерін сақтау;

- қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін; - тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады;

 - ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау;

 - тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау;

 - жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;

 - өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс;

- өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет;

- қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек;

 - ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды;

- барлық жұмыртқаның қабығын хлорамин ерітіндісімен немесе содасы бар жылы сумен жуыңыз. Таза судың мол ағынымен шайыңыз;

- жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз;

- қаны бар бифштекстерді, жұмыртқадан жасалған глазунь жемеген дұрыс;

 - дайын өнімдерді сақтаудың жалпы температурасы – +5 градус;

- суық тағамдарды екі тәуліктен артық пайдаланбау керек;

- ыстық тамақты екі сағаттан артық сақтамау керек;

- тамақты қолмен аз ұстау керек.

Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді. Супермаркетте сатып алуды азық-түлік емес тауарлардан бастаңыз, содан кейін салқындатылған сусындарға және құрғақ өнімдерге өтіңіз. Одан әрі жемістер мен көкөністер бөліміне, содан кейін салқындатылған ет бөліміне барыңыз, гастрономиялық сөреге тоқтаңыз, содан кейін тұтынуға дайын бірнеше өнімдер мен салқындатқыш сусындарды алыңыз. Соңғы кезекте мұздатылған  өнімдер мен ыстық өнімдер бөліміне барыңыз. Азық-түлікті арбаға немесе себетке салған кезде, суық және ыстық тамақты, сондай-ақ шикі және дайындалған азық- түлікті бөлек ұстауға тырысыңыз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да, сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз:

- өнімдердің орамасы зақымдалған жоқ па?

 - жемістер мен көкөністер соғылған емес пе?

 - жұмыртқалар сынған жоқ па, себебі олар тез бұзылады;

- өнімнің орамасына салынған жарамдылық мерзімінің күнін қараңыз. Егер жоғарыдағы қасиеттердің бірі тағамда болса, микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады;

– Консервіленген, кептірілген және мұздатылған өнімдерді белгіленген мерзімге дейін ғана қолданылады. Өнімнің сапасы (дәмі, сыртқы түрі және иісі) қолданылу мерзімі аяқталған соң нашарлайды. Тамақтан уланбау үшін азық-түлік сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы да себеп. Сатып алынған өнімдерді үйге тасымалдау да үлкен маңызға ие. Жазғы ыстық күндері автомобиль салонындағы температура 30°С және одан жоғары болуы мүмкін. Үйге барған кезде тамақ өнімдерінің бүлінбеу үшін желдеткішті қосыңыз немесе терезелерді ашыңыз, ал оралған өнімдерді күн сәулесінен тыс орналастырыңыз. Өнімдерді ыстық көлікте қалдырмауға тырысыңыз. Жазда өнімдерді тасымалдау үшін автомобиль тоңазытқышын пайдалануға болады. Тағамдарды жылумен өңдеу – тағамнан улануды болдырмаудың бірден-бір жолы. Алайда профилактикалық қауіпсіздік шаралары қаншалықты мұқият сақталса да, азық-түлік өнімдеріндегі микроорганизмдердің болатынын ескеру қажет. Сондықтан қауіпсіздік үшін жеткілікті жылумен өңдеу өте маңызды. Ең жақсы нәтиже пісіру (қыздыру біркелкі және +80°С (өнімнің ішінде) жетеді. Қуыру кезінде жоғары температураға өнімнің бетінде ғана, ал ішінде тек +60°С болуы мүмкін. Котлеттер, ет және балық фаршынан жасалған тамақтар, балық, ет кесектерін маймен 10 минут бойы қуыру қажет, кейін пеште немесе қақпақтың астында 5-8 минут қыздырылады (ет толық дайын болған жағдайда кесек қалыңдығындағы температура +80°С-тан төмен болмауы тиіс, бұл ас ортасын тескен кезде бөлінетін түссіз шырынды көрсетеді).


 “Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. “Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.

ШЖҚ «№ 3 қалалық емханасы »МКК  әкімшілігі

 

 

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс қимыл» №4 үлгілік базалық бағыт аясында №3 қалалық емхананың күту залында халықты ақпараттандыру және жемқорлықтың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық қарсы сипаттағы әлеуметтік роликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.


ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК әкімшілігі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялаған болатын, оның да өзіндік мәні бар. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан олардың денсаулықтары мығым болуы аса маңызды. Жас бала – жас тал секілді. Қалай исең солай өседі деген халық даналығы бар. Жас ұрпаққа білім берумен қатар отансүйгіштік бағытта тәрбиелеу де өте керек. Барша балаларды осынау мерекемен құттықтап келешектерін кемел болсын деген ақ тілегімізді арнаймыз, бақытты балалық шақ тілейміз.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId65eea57f80


Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес 31 мамыр күніне орайластырылған «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасы шеңберінде  өткізілуде.

Мақсаты:  халықтың темекі шегуден саналы түрде  бас тарту және жауапты  денсаулық сақтау мінез- құлық  дағдыларын  қалыптастыру  темекі  шегудің адам ағзасына  зиянды  әсері  туралы  әртүрлі  жас  санаттарындағы  халықтың  хабардарлығын  арттыру,  сондай-ақ  оның   қалдықтарының қоршаған  ортаға  әсеріне  қатысты  жұртшылықтың  хабардарлығын  арттыру  болып  табылады.

06.05.2022 жылдың  № 224н/қ  бұйрығын  орындау  мақсатынды, өткізілген  іс- шаралар:

  1. Ішкі бұйрық енгізілді  2022 жылдың  13.05. № 130
  2. Әңгімелесу, дәрістер
  3. Рөлдік ойын ұйымдастыру
  4. Семинар-тренинг
  5. Денсаулық мектептерінде сабақтар өткізу
  6. «Орал – өңірі» газетіне мақала  жариялау
  7. Ашық есік күнін өткізу
  8. «Шылымды жеміске ауыстыру»  акциясы

 

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId4655f59900


Емхана қызметкерлері, оның ішінде СӨС дәрігері Ш.О.Әлменова, ЖТД мейіргерлері М.Т. Төлеген мен А.Т.Таңатарова "Жас Отан" партиясының мүшелерімен бірлесіп, "Kenes Ortalygy" бағдарламасы аясында "Мирлан" базарында болды. Базарға келушілер қан қысымын өлшеп, СӨС мәселелері бойынша кеңес алды. Қызығушылық танытқан тұрғындар  дұрыс тамақтану және басқада мазалап жүрген аурулары бойынша сұрақтар қойды.

Қызметкерлер кеңес берумен қатар,  нәтижелі ету үшін барлығын үлестірмелі материалдармен (брошюралармен) қамтамасыз етті.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId722941f8ff


14 мамыр күні медицина қызметкерлері кәсіби мереке қарсаңында ақ халаттарын спорттық формаға ауыстырып, «Атоян» стадионында өткен спартакиадаға қатысты. Бұл жарыста қалалық және облыстық емдеу мекемелері бас қосты.Спартакиаданың негізгі міндеті – салауатты өмір салтын насихаттау, медицина қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және сақтау, мекеме ұжымдары арасында достық байланыс орнату және дамыту. Қызметкерлеріміз волейбол, футбол, жүгіру, секіру, т.б спорт түрлерінен сынға түсті.Басқа медициналық мекемелердің қатысушыларына №3 емхана атынан адал күрес пен ауызбіршілік үшін шексіз алғысын білдіреді.Келесі кездесулерімізді асыға күтеміз! 

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeIdb331038547


Хабарландыру!!!

 

08.05.2022 - 30.05.2022жж. аралығында сағат 8.00 ден 12.00-ге дейін «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да «Дүниежүзілік аналық без обырына қарсы күрес», «Меланома және тері ісігі туралы хабардар болу айлығы» және «Қуық ісігі туралы хабардар болу айлығын» ерте анықтау мақсатында ашық есік күні өткізілуде.

 

Қабылдауды өткізетін дәрігер-онколог Артыков Қ.Н.

 

ӘКІМШІЛІК


Ұлы Жеңіс күні қарсаңында дәрігер – сарапшы Т.З. Исеналиева, дәрігер герантолог – Қ.У.Орынбасарова, СӨС дәрігері Әлменова Ш.О және медбике У.Ж.Әнесова Ұлы Отан соғысының ардагерлері үйлерінде болды. Олар №3 қалалық емхана директоры Р.М.Жалиевтің атынан ардагерлерге ерліктері мен еңбектері үшін алғысын білдіріп, зор құрмет білдірді, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Сіздерге әрқашан бас иеміз!

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId0c335d2f18


Дүниежүзілік  боронх  демікпесімен  күрес  күніне  орайластырылған «Демікпесіз өмір сүр» апталығы  өткізілуде 

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId3a64f751e8


ШЖҚ «№ 3 қалалық емхана» МКК Ұлы Отан соғыс ардагерлерін және тыл қызметкерлерін жеңіс күнімен құттықтайды.

 

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

 

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId89841c5b92


Медицина қызметкерлері күніне орай» медицина қызметкерлері арасында 2022 жылдың 21-22 мамыр күндері Атоян атындағы стадионда спартакиада өткізіледі.

 

Мақсаты және міндеті:

Спартакиада медицина қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын, оның ішінде физикалық белсенділікті қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

  • дене шынықтыру және спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің денсаулығын нығайту.

27.04.2022 ж. СӨС дәрігері Альменова Шолпан Ораловна "Жоғары агро – техникалық колледж" студенттерімен "Ерте жүктілік", "Жыныстық қолсұғылмаушылық", "Жарақаттанушылық", «Жасөспірім қыздардың гигиенасы", "АИТВ, ЖИТС инфекциясы" тақырыптарында әңгіме жүргізді. Қамтылған адам саны – 35.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId477be0f897


22.04.2022 ж. СӨС дәрігері Альменова Шолпан Оралқызы мен медбике Анесова Ұлболсын Жаңбырбайқызы №40 ЖОБМ 9,10 және 11 сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" тақырыбында дәріс өткізді.

Оқушылар сұрақтар қойып, дәріс жүргізуге белсенді қатысып отырды. Мамандар оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Мектеп директоры қорынтынды сөз сөйлеп, мамандарға алғыс білдірді.

Қатысқан оқушылар саны - 50.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId70b8d0f539


«Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан балалар мен жасөспірімдер кітапханасында» СӨС дәрігері Альменова Шолпан Оралқызы "Құрманғалиев атындағы музыкалық колледж" студенттеріне "Жыныстық қолсұғылмаушылық", "Ерте жүктілік","АИТВ, ЖИТС инфекциясы", "Травматизм" тақырыптарында баяндама жасап, әңгімелесу түрінде кездесу өткізді.

Қамтылған адам саны - 45

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId16e64456dc


20.04.2022 СӨС дәрігері Альменова Шолпан Оралқызы "№3 ЖББМ КММ" оқушыларымен "Ерте жыныстық байланыстар және олардың салдары", "Жыныстық қолсұғылмаушылық", "Жарақаттану" тақырыбында дәріс өткізді.

Қамтылуы - 35 адам.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeIdeb43c98732


19.04.2022. СӨС дәрігері Альменова Шолпан Оралқызы Құрманғазы атындағы музыкалық колледж студенттеріне "Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық", "Заманауи зиянды әдеттер", "Травматизм" тақырыптарында дәріс өткізді.

Қамту-45 адам.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId7f82ac0b91


«Біздің планетамыз, біздің саулығымыз» ұранымен  7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.

2022 жылғы 7 сәуір күні "Дүниежүзілік денсаулық күні" шеңберінде "№3 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да келесі іс-шаралар өткізіледі:

  • Ашық есік күні мамандардың кеңес беруімен және салауатты өмір салтының аспектілері бойынша ақпараттық білім беру материалдары тарату, СӨС дәрігері Ш.О. Альменова психологтармен, әлеуметтік қызметкерлер және емхана қызметкерлерімен бірлесіп "Атриум" сауда үйінде аурудың ерте диагнозын қою мүмкіндігін қамтамасыз ету, артериялық қан қысымын өлшеу мен аурудың алдын алуға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін қарапайым ережелерді сақтау арқылы денсаулықты нығайту мақсатында акция өткізеді. Емхана қызметкерлері үшін "Біздің әлем- біздің денсаулығымыз!" денсаулық мектептері мен күндізгі стационарда біздің мамандар денсаулық күніне орай жеке сабақтар ұйымдастырады. Мектепке дейінгі, мектеп дәрігерлері мен медбикелері "Өмір ұраны-Салауатты өмір салты!» атты қозғалмалы ойын түрлері, дене шынықтыру жаттығуларын өткізеді. "Жоғары агро-техникалық колледжде" және "Орал ақпараттық технологиялар колледжінде " түрлі семинар – тренингтер өтеді, сондай-ақ емхананың холлдарында салауатты өмір салтын және дене белсенділігін насихаттау бойынша түрлі бейнероликтер көрсетіледі.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeIdbbe1bcdcd7

 

ШЖҚ МКК  "№3 қалалық емханасында" өткізілген іс-шаралар.

Дүниежүзілік адам папилломасымен күрес күні (АПВ) колоректальды қатерлі ісік туралы хабардар болу айлығына орай 26.03.2022 жылы «Ашық есік» күні өткізілді.

Дәрігер онколог 4 адам қабылдады.

Бейінді мамандар: 12 адам

ОДО №1,2: 45 адам

Дәрігерге дейінгі кабинет: 45 адам

СӨС дәрігері: 13 адам

Психологтар: 2 адам

Әлеуметтік қызметкерлер: 4 адам

Барлығы: 125 адам

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай "ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА!" (24 ақпаннан 24 наурызға дейін) өткізілген іс-шара.

 

 

Мақсатты топ – ҚР халқы, оның ішінде:

- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары;

- 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар;

- 11 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;

- 15 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер;

- 18-29 жас аралығындағы жастар;

- 30 жастан 64 жасқа дейінгі ересек тұрғындар;

- 64 жастан асқан ересектер.

 

Мақсаты: мемлекеттік және орыс тілдерінде профилактикалық іс-шаралар туралы, туберкулездің алғашқы белгілері және уақтылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы және емдеудің тиімділігі, мінез-құлықтық қауіп факторлары (темекі шегуден бас тарту, алкогольді теріс пайдалану, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі қағидаттарын сақтау) халықтың хабардарлығын арттыру.

  1. Туберкулезді ерте диагностикалау және алдын алу мақсатында емханада бейінді мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өткізілді. Қамтылған адам саны – 123.
  2. Пациенттерге мотивация жасау, туберкулезді ерте сатысында анықтау үшін мамандарға уақтылы жүгіну, өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру мақсатында психолог маманы медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
  3. Фтизиатр дәрігер медицина қызметкерлеріне "туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу ИРЛ, КРЛ,МЛУ" тақырыбында семинар өткізді, қатысқандар саны - 48.
  4. Денсаулық мектептерінде мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу бойынша және қарттар мектебінде пациенттерді теңгерімді тамақтану, жеткілікті дене жүктемесі, зиянды әдеттерден бас тарту және туберкулезді ерте диагностикалау үшін флюорографиялық тексерудің маңыздылығы туралы хабардар ете отырып сабақтар өткізілді.
  5. Жалпы білім беретін мектептерде "Туберкулездің алдын алу"; "Алкогольді тұтынудың алдын алу"; "Дұрыс тамақтануды насихаттау (құрамында тұз, қант, транс майлардың артық мөлшері бар өнімдерді тұтынуды шектеу)"; иммунитетті арттыру және туберкулез ауруының алдын алу мақсатында 705 оқушыны қамти отырып, "Дене белсенділігін насихаттау" тақырыбында диктанттар өткізілді.
  6. 2- қосымшаға сәйкес Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай «Өзіңді туберкулезден қорға!» іс-шаралардың орындалу сапасына мониторинг жүргізу мақсатында халық арасында сауалнама жүргізілді.

7. Іс-шаралар мен фотосуреттер әлеуметтік желілерде, ұйымның веб-сайттарында жарияланады.

ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК қызметкерлері №1 ОДО меңгерушісі А.А.Жағпарова, №2 ОДО меңгерушісі И.С.Пономарева, СӨС дәрігері Ш.О.Альменова және ағамедбике Б.С.Каменова «Облыстық онкологиялық диспансердің» №115/172 хатына сәйкес «Онкологиялық ауруларды ерте анықтау кезінде тексерудің алдын алудың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

Қалалық емханалар және аудандық ауруханалардың қатысуымен ZOOM бағдарламасы арқылы скринингтік тексеруге пациенттердің қатысу мәселелерін талқылап, болашақта жағдайды қалай өзгерте алатынымыз туралы пікірлерімен бөлісіп, сонымен қатар, сырқаттанушылық статистикасы мен одан әрі емдеу әдістері айтылды.

Құрметті емделушілер!

Аурудың ерте кезеңдерінде алдын алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге жүгінуіңізді сұраймыз.

Біз сіздің денсаулығыңыз туралы ойлаймыз!

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeIdc83d89226a

16/02/2022 СӨС  дәрігері Альменова Ш. О.

«QazaQ radiosy».

Тақырыбы:  «Жасөспірім арасындағы нашақорлық»

04/02/2022 СӨС дәрігері Ш.О.Альменованың және СӨС мейірбикесі Ұ.Ж Анесованың қатысуымен Орал қаласының №43 ЖОББМ
«Жасөспірім жастағы жеке гигиена және ерте жүктілік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Оқушылар түрлі сұрақтар қойып, белсенді қатысты.
СӨС дәрігері және мейірбикесі оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeIdc513b65084

Хабарландыру!!!

 2022 жылдың 04.02. күні сағат 08.00-13.00-ге дейін емханада Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне орайластырылған «Обырсыз өмір» ашық есік күні өткізіледі.

Қабылдау:  Дәрігер онколог

55 кабинет

                                                                                                    Әкімшілік

 

 

2 ақпанда «Ревматоидті артрит туралы» ақпараттандыру күні өтеді.

2022жылдың  17.01мен 24.01.аралығында «Жатыр мойны обырын» алдын алу мақсатында апталық  өткізіледі.

Хабарландыру!!!

 2022 жылдың  14.01.күні сагат 08.00-17.00-ге дейін  Емханада

 «Жатыр мойны обырын» алдын алу  мақсатында «Ашық  есік күні өткізіледі».

Қабылдау :  52 кабинет

                          Әкімшілік

2022жылдың 14.01.-15.01. күндері емханада «Жатыр мойны обырын»алдын алу  мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.Қамтылған саны – 75 адам. Сонымен қатар, аймақтық тәжірибелі дәрігерлер мен  медбикелер үй-үйді аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізді және 550 дана ақпараттандыру парақшалары  таратылды.

 

Денсаулық мектептерінің 2022 жылға арналған жұмыс кестесі

 

View the embedded image gallery online at:
http://pol3.kz/kz/s-s.html#sigFreeId2e8a104c86