ШЖҚ «№3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» МКК МИССИЯСЫ ӘРБІР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ТҰРҒЫНҒА МЕЙІРІМДІЛІК, ДЕНСАУЛЫҚ, ҮМІТ СЫЙЛАУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Құрметті №3 қалалық емханаға тіркелген тұрғындар!

ШЖҚ «№3 қалалық емханасы» МКК әкімшілігі, қабылдауға кезекті болдырмау, жұмыс уақытында дәрігерлерді теңдей жүктемемен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында, тіркеу орнынының жұмысы бойынша келесі мәлімет береді.

 

  • Учаскелік дәрігерлер мен тар шеңберлі мамандарға алдын ала жазылу: жұмыс күндері – сағат 8:00 – 20:00-ге дейін сенбі күні – сағат 8:00 – 18:00-ге дейін келесі телефон нөмірлері арқылы 51-40-34, 50-31-39, 24-05-97 және үндеу бойынша.

  • Тар шеңберлі маман дәрігерлерге алдын ала жазылу учаскелік дәрігерлердің жолдамалары бойынша жүзеге асады.

  • Жоғары дене қызуы, кез-келген жерден кенеттен басталған ауру, қан кету және т.б. ауруларды фильтрде кезекші дәрігерлер алдын ала жазылусыз қабылдайды.

  • Үйге учаскелік дәрігерлерді шақырту: жұмыс күндері – сағат 8 00 – 18 00-ге дейін сенбі күні – сағат 8 00 – 14 00-ге дейін келесі телефон нөмірлері арқылы 51-05-77, 50-46-97 және үндеу бойынша.

  • Тар шеңберлі мамандарды үйге шақырту учаскелік дәрігердің тексеруінен және ұсыным бергеннен кейін жүргізіледі.

  • Егер Сіз емханаға алғаш рет келген болсаңыз, дәрігер қабылдауына жазылу үшін, тіркеу орнына жеке куәлігіңізбен амбулаториялық карта ашуға және тіркелуге міндеттісіз.

  • Пайда болған сұрақтар бойынша «Шұғыл желі» арқылы хабарласыңыз: 51-36-13

  • Өз денсаулығыңыз үшін ыңғайлы уақытты таңдап, дәрігер қабылдауына келіңіз!

  • Дәрігер қабылдауына келуді алдын ала жоспарлаңыз!

  • Сізден, дәрігер қабылдауына белгіленген уақыттан 10-15 минут бұрын, талон алу үшін тіркеу орнына келуіңіз сұралады.

 

Әкімшілік