Құрметті пациенттер!
2019 жылдың 28 қантарынан бастап ШЖҚ «№3 емханасы» МКК ғимаратында Тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемінің шеңберінде тегін дәрі – дәрмектер дәріханалық пунктте беріледі (29/2 кабинет).
Сенбі күні сағат 09:00ден 14:00ге дейін.

Жалиев Раниль
Миньханұлы
Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Біздің міндетіміз:
1.Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиімді басқару және жоспарлау жүйесін құру.
2. Қол жетімді ақпарат және салауатты өмір салтына екпінді көзқарас.

Қызметтің мақсаты:
Тіркелген тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек.
ШЖҚ “№3 Қалалық емханасы” МКК ғимараты
А. Карева көшесі 22 үйде орналасқан.
ҚЫСҚА ТАРИХИ ҚОРЫТЫНДЫ
№3 қалалық емхана қаланың ортасында ХІХ ғасырдағы тарихи ғимаратта Карева көшесі 22 бойында орналасқан. № 5, 7, 22, 35, 36, 39, 43, 45 автобустары. Қаланың орталық бөлігінің тұрғындарына медициналық-профилактикалық көмек көрсетеді. 9 мектеп (5686 оқушы), 11 мектепке дейінгі мекеме, техникалық колледж (2300 студент) медициналық қызметпен қамтылған. Қызмет көрсетілетін халықтың саны - 42 957. Ересектер - 30 090. Балалар - 9 868.
Емхананың құрылымына 2 отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі, консультативті-диагностикалық бөлім, толықтай стационарды алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.
Отбасылық денсаулық орталығы тіркелген тұрғындарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі АМСК шеңберінде профилактикалық қызметтерді, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтік-психологиялық қызметтерді ұсынады. Емханада 63 дәрігер мен 160 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.